Шетелдік автокөліктерді заңдастыру бойынша сұрағыңыз бар ма?


Ішкі істер министрлігі шетелдік көліктерді заңдастыруға өтініш беруге болатын Call-орталықтардың аймақтар бойынша нөмірлерін жариялады.

Нөмірлер департаменттің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған.

Еске салайық, елімізде 2023 жылдың 23 қаңтарынан бастап шетелдік нөмірлері бар көліктерді бір реттік заңдастыру басталады.

Фото: tut-magaz.ru, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Автокөліктерді заңдастырудың негізгі шарттары:

  • автомобиль іздеу базасында көрсетілмеген;
  • толық кедендік «рәсімдеу»;
  • бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығару;
  • автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінді.
Ads zone