Шенген визасын алу шарттары қазақстандықтар үшін қиындайды


Оған "қара тізімнің" еш қатысы жоқ.

Қазақстан Шенген визасын беру мәселелері бойынша бөлек консультациялар қажет болатын елдердің тізіміне енді.

Жаңашылдық туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров түсіндірді.

"Қазақстан қандай да бір тізімге енді деген сұраққа келсек, еуропалық тараптардан ресми хабарлама алмағанымызды айтқым келеді. Дегенмен, жұмыс тәртібінде бізге 1 наурыздан бастап Қазақстан шынымен де азаматтар үшін Шенген визасын беру кезінде қосымша консультациялар қажет болатын елдер тізімінде болатыны туралы хабарлады», - деді Смадияров 27 ақпанда өткен брифингте.

Оның айтуынша, мұндай консультациялар жеті күнге дейін созылуы мүмкін. Бұл ретте визалық өтініштерді жалпы қараудың стандартты мерзімі бұрынғыдай – 15 күнге дейін сақталуы тиіс. Яғни, іс жүзінде өтініштерді қарау тәртібінде өзгерістер күтілмейді.

Ол Шенген келісімінде қара тізімнің жоқтығын, бұл әдеттегі жұмыс барысының мәселесі екенін атап өтті. Оның айтуынша, ұқсас процедураны Шенген келісімі елдерінің бірі сұраған. Еуропалық Одақтың ережелеріне сәйкес, Шенген елдері виза алуға өтініш білдірген үшінші елдің азаматтарына қатысты қосымша консультацияларды бастауға құқылы.

Ads zone