Шалқар көлінде жолаушыларға толы көлік суға батып кеткен


Оқиға кеше Ақтөбе облысында болған.

Сурет: ТЖМ

«8 қаңтарда сағат 15.52-де Шалқардағы көлде ВАЗ-2110 көлігі мұз астына кетті. Оның ішінде үш ер адам болған, олардың екеуі (44 және 53 жастағы) жағаға шыға алды, үшіншісі суға батып кетті. Қаза болған ер адам 52 жаста болған. Сағат 17:45-те құтқарушылар оның денесін мұз астынан алып шықты», - делінген сейсенбі күні таратқан хабарламада.

Белгілі болғандай, көлік су астында қалды.

«Құтқарушылар көлікті су бетіне шығару үшін шаралар қабылдауда», - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті мұздың қауіпсіз қалыңдығы бір адамға кемінде 10 сантиметр, бұқаралық спорттық-мерекелік іс-шаралар мен көлік өткелдерін ұйымдастыру үшін кемінде 25 сантиметр болуы керектігін ескертеді.

Мұз үстінде қатаң сақталуы керек ережелер:

  1. мұздың жұқа және нәзік жерлеріне шығуға;
  2. мұздың жекелеген (қауіпті) учаскелерінде топ болып жиналуға;
  3. мұздағы сайларға, жарықтарға, тесіктерге жақындауға;
  4. көлiк құралдарын өткелдер үшiн белгiленген аумақтар шекарасынан тыс мұз үстiмен жүргiзуге;
  5. от жағуға;
  6. басқа жұп тесіктердің арасындағы қашықтық 2 метрден кем болмауы керек;
  7. мұз үстінде техника мен қоқысты қалдыруға болмайды.
Ads zone