Сандар сөйлейді: Дәрігерлердің көп бөлігі Астанада


Елордада 10 мың тұрғынға 73 дәрігерден келеді. 

Сурет ашық дереккөзден

Алматыда бұл көрсеткіш 64 маманды құрады. Үздік үштікке Қарағанды ​​облысы да кірді, онда 10 мың науқасқа 50,3 дәрігер қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Ұлттық статистикалық бюросы.

Дәрігерлердің халыққа қатынасы ең азы Алматы облысы болып шықты. Онда бар болғаны 23 маман 10 мың адамды емдейді. Елімізде барлығы 79 409 дәрігер бар. Ал бұл бір жыл бұрынғыдан 1,5 пайызға артық.

Еліміздегі ауруханалар саны бір жыл бұрынғыдан бірден 5,8%-ға артық. Ауруханалардың ең көп саны Шымкентте – 88, ең азы – Ұлытау облысында – 11.

Ads zone