Рыбакина WTA турнирінің екінші айналымына шықты


Екі сеттегі ойынның жалпы есебі: 6:4, 6:2.

Сурет ашық дереккөзден

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Берлинде (Германия) өтіп жатқан WTA-500 турнирінің екінші айналымына шықты.

Рыбакина бірінші айналымдағы кездесуінде ресейлік теннисші Полина Кудерметованы (WTA рейтингінде 139-орын) жеңді.

Екі сеттегі ойынның жалпы есебі: 6:4, 6:2.

Бұған дейін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина егер Уимблдонда чемпиондық атағын қорғап қалса, қанша табыс табатыны белгілі болды. Әйелдер мен ерлер арасындағы жекелей сында жеңімпаздар 2,35 миллион фунт стерлинг, ал финалға шыққандар 1,175 миллион фунт стерлинг алады.

Ads zone