Qazaq Air ұшағы Атырауға шұғыл қонды


Жедел медициналық көмекке мұқтаж жолаушыға байланысты ұшақты қондыру туралы шешім қабылданған.

Ақтөбе-Баку бағыты бойынша ұшқан Qazaq Air ұшағы Атырауға шұғыл қонды, деп хабарлайды әуе компаниясының баспасөз қызметі.

5 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18.21-де бортында 37 жолаушысы бар ұшақ Атырау әуежайына қонды. Қону себебі қан кету салдарынан жолаушы жедел медициналық көмекке мұқтаж болған.

Ұшақта болған кардиолог дәрігердің көмегімен экипаж алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ұшақты жақын жердегі әуежайға қондыру туралы шешім қабылдады. Әуежайға қонған соң әйелді жедел жәрдем көлігі алып кеткен.

"Ауруханаға түскен әйелмен бірге ұшқан жолаушының мәліметі бойынша, дер кезінде медициналық көмек көрсетіліп, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Әуе компаниясының экипажы осы рейсте болған кардиолог Гүлшан Мамедоваға көмегі мен кәсібейлігі үшін алғысын білдіреді», - делінген хабарламада.

Ads zone