Путинді қолдаған депутат партиядан шығарылды


Бұл туралы 19 қаңтарда мәлім болды.

Сурет: ашық дереккөзден

«А.Әбілдаевты «Ақ жол» демократиялық партиясынан шығару туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты партия А.А.Әбілдаевтың депутаттық мандатын тоқтату туралы ОСК-ға хат жолдады», - делінген «Ақ жол» сайтында 19 қаңтардағы хабарламада.

Еске салайық, Азаттық радиосына берген сұхбатында Әбілдаев Ресей президенті Владимир Путинді және Ресейдің Украинадағы «арнайы операциясын» қолдайтынын айтқан. Ол Украинада билікте «нацистер» бар деп есептейді.

«А.Әбілдаевтың сөздері «Ақ жол» партиясының ұстанымына қайшы келеді, сонымен қатар партиялық және депутаттық этиканы бұзады. «Ақ жол» партиясы республикамыздың және басқа да достас мемлекеттердің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын әрқашан құрметтейді және қолдайды», - деді партия өкілдері.

50 жастағы Азамат Әбілдаев Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қастек ауылының тумасы. Қазақ ұлттық техникалық университетін (экономист) және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (заңгер) бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы «Алмаз» шаруа қожалығының басқарушы директоры болып бастаған. 2004-2012 жылдары «Агрофирма «Түрікпен», «ПромИнвестАзия» сауда-қаржылық холдингі, «Қазақстан тас өнімдері», «Қазгранит» корпорациясы» компанияларын басқарды, бақылау кеңесінің төрағасы және сауда-қаржы кеңесшісі болды. 2012-2016 жылдар аралығында бесінші шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болды.

2021 жылдың қаңтарынан - жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі. Бірқатар мемлекеттік наградалары бар: «Құрмет» ордені, «Мамандығы бойынша үздігі» грамотасы, II дәрежелі «Іске адалдығы үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан халқы» медальдары. Ассамблея 20 жыл», «Қазақстан халық ассамблеясының қоғам «Бірлік».

Ads zone