Қостанайлық жігіт өзін бойжеткенмін деп, 3 миллион теңгеге алдап кеткен


Күдікті әлеуметтік желіге әйел атымен тіркеліп, жәбірленушімен бес ай бойы сөйлескен.

Сурет: iguides.ru

"Бүкіл танысу барысында, яғни бес айға жуық уақыт ішінде жәбірленуші жалған қызға ақша аударымдарын жіберген. Полицейлер заттай айғақтарды: банк карталары, SIM карталары және ұялы телефондарын тәркіледі", - дейді Қостанай облысының ДП киберқылмыспен күрес басқармасының бастығы Олжас Мағыпаров.

Полицияның мәліметінше, келтірілген шығын көлемі шамамен үш миллион теңгені құраған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті тергеу жүргізілуде.

Бұған дейін Астана қалалық Әділет департаменті басшысының орынбасары Евгения Холмецкая алаяқтықтың жаңа тәсілдері туралы айтқан болатын.

Ads zone