"Орынсыз көшеге шықпауды сұраймыз" Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті


Өрт сөндірушілер 15 гектар аумақтағы өртті жоюға жұмыс істеп жатқаны атап өтілді.

Фото: gov.kz

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Елорда тұрғындарын көшеге орынсыз шықпауды сұрап үндеу тастады.

"Астанадағы Қорғалжын тас жолы мен Қосшаға қарай өтетін айналма жол арасындағы өлі ағаштың жанып кетуіне байланысты түтіннің бұлттары мен өртенген иіс байқалуда. Осыған байланысты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қала тұрғындарын орынсыз көшеге шықпауға шақырады. Пәтер терезелерін жауып, көшеде бетперде кию маңызды. Бұл ұсыныстар бірінші кезекте тыныс алу жолдары аурулары бар адамдарға қатысты», - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер 15 гектар аумақтағы өртті жоюға жұмыс істеп жатқаны атап өтілді. Өртті сөндіруге жеке құрамның 140 адамы мен 40-қа жуық техника жұмылдырылған.

Ads zone