"Орны толмас апат" Грекияда қаралы күн жарияланды


Кемінде 79 адам қайтыс болғаны белгілі. Жүздеген адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде.

© AFP 2023 / EUROKINISSI

Грекияда бір күн бұрын мигранттар мінген кеме аударылып, ашық теңізге батып кеткеннен кейін үш күндік қаралы күн жариялады.

Кем дегенде 79 адам қайтыс болғаны белгілі. Жүздеген адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде. Шамадан тыс жүк тиелген қайық бортында 750-ге жуық жолаушы болған. Теңізде ауқымды іздеу-құтқару операциясы басталды. Тек 180 адам құтқарылып, Грекияның Каламата портына жеткізілді", - деп хабарлайды Грекияның ERT телеарнасы.

Оның айтуынша, «Андриан» балық аулау кемесі бортында Ауғанстан, Пәкістан, Сирия және Палестинадан келген 500-ден 700-ге дейін заңсыз мигрант болуы мүмкін.

Кеме сәрсенбіге қараған түні Пилос қаласының оңтүстік-батысындағы халықаралық суларда 47 теңіз мильіне батып кетті. Ол Ливияның Тобрук қаласынан Италияға бет алған.

Оқиға орнында Грекия жағалау күзеті біріккен іздеу-құтқару жұмыстарын үйлестіру орталығының үйлестіруімен ауқымды іздеу-құтқару операциясы басталды.

Қазіргі уақытта теңізде екі жағалау күзеті патруль және бір құтқару кемесі, Әскери-теңіз күштерінің фрегаты және жеті желкенді кеме жұмыс істейді. Операцияға Әскери-теңіз күштері мен Frontex ұшқышсыз ұшағы да қатысуда.

Құтқарушылардың үйлестіруші штабы кеме апатынан қаза тапқандар саны әлдеқайда көп болуы мүмкін деп есептейді.

Грекия БАҚ бұл оқиғаны Африкадан теңіз арқылы Еуропаға өтпек болған мигранттар құрбандарының саны бойынша ең үлкен оқиға деп атады.

Ads zone