Қонаев-Алматы бағытында жолаушылар пойызы іске қосылды


11 қарашада «Жолаушылар тасымалы» АҚ Қонаев-Алматы бағытындағы күнделікті қатынайтын пойызды іске қосылды.

Пойыз күн сайын таңғы 6-да жүреді.

«Қонаев-Алматы бағытындағы №6906/6907 дизельді теміржол пойызы күн сайын Қонаевтан сағат 06:00-де, Алматы станциясынан сағат 19:00-де шығады. Жол жүру уақыты бір сағат 17 минутты құрайды. », - делінген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Маршрутты ағымдағы жылдың соңына дейін ұлттық тасымалдаушы қаржыландырады.

«Қазіргі уақытта ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және Алматы облысының әкімдігімен бірлесе отырып, аталған бағыт бойынша тасымалдаушының шығындарын субсидиялау бойынша 2023 жылға тендер өткізу жұмыстары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Билеттерді bilet.railways.kz сайты немесе «KTZ Tickets» мобильді қосымшасы арқылы онлайн сатып алуға болады.

Жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда.

"Басты міндеттердің бірі - облыстың көліктік-логистикалық әлеуетін арттыру. Үкімет әкімдікпен бірлесіп көлік желісін жақсарту бойынша кешенді шараларды дайындауы керек. Жолаушылар мен жүк тасымалының мүмкіндігін кеңейту үшін жағдай жасау қажет. Атап айтқанда, Алматы мен Қонаев арасындағы жол желісімен қатар темір жолды дамыту қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Ads zone