Нью-Йоркті қызғылт сары тұман басты


Америка Құрама Штаттарындағы 100 миллион адамда, атап айтқанда, Нью-Йорк тұрғындарында тыныс алатын таза ауа жоқ. Оған көршілес Канададағы бұрын-соңды болмаған өрттер себеп болуда.

Сурет: Corbis News

Euronews хабарлағандай, Альберта (батыста) және Жаңа Шотландия (шығыс) провинцияларынан кейін АҚШ-тың төрт штатымен шектесетін Квебекте өрт шарпыуда: Мэн, Нью-Гэмпшир, Нью-Йорк және Вермонт.

Канадалық ормандарды өрттен қорғау қоғамының (Sopfeu) мәліметтері бойынша, 140-қа дейін өрт тіркелді, олардың жүзге жуығы әлі бақылауға алынған жоқ.

Квебекке халықаралық көмек, соның ішінде Франциядан келген 100 өрт сөндіруші келді. Провинция билігі өртпен күресушілер санын 1200 адамға дейін көбейтеді деп үміттенеді.

Премьер-министр Джастин Трюдо АҚШ президенті Джо Байденмен келіссөздерден кейін: «Жүздеген американдық өрт сөндірушілер Канадаға жақында келді, басқалары жолға шықты", деді.

Нью-Йоркте Бостандық мүсіні мен Манхэттеннің зәулім ғимараттары сарғыш тұманға оранып, пандемия кезіндегідей көшелерде маскалар қайта пайда болды. АҚШ үкіметі сонымен қатар денсаулығына алаңдаушылық білдіретін азаматтарды ауа сапасының күрт нашарлауына байланысты «сақтық шараларын қолдануға» шақырды.

Сәрсенбіде көріну нашар болғаны сонша, АҚШ Азаматтық авиация агенттігі (FAA) әуе қозғалысын бәсеңдетіп, тіпті кейбір ұшақтарды аймаққа қондырған.

Ads zone