Нью-Йорк мэрі Instagram парақшасында қазақ жігітінің видеосын жариялады


Нью-Йоркте Республика күнін мерекелеу құрметіне Қазақстанның туы салтанатты түрде көтерілді. Кейін Нью-Йорк мэрі Instagram желісіндегі парақшасында шара барысында қазақстандық домбырашының орындаған күйін жариялады.

Қазақстанның Республика күніне орай ұйымдастырылған шарада Нью-Йорк тұрғындарына Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Жүсіпхан Аманмырза «Ерке сылқым» күйін орындады.

"Отандасымыздың домбырамен ойнаған ойынды Нью-Йорк мэрі Эрик Адамс Instagram парақшасында жариялады. Біздің мектеп түлектері өз білімдерімен, халықаралық зияткерлік сайыстардағы табыстарымен және Отанымыз бен мәдениетімізге деген сүйіспеншілікті көрсететін осындай қойылымдармен бізді қуантып жатқанына қуаныштымын. », - деп жазды министр Асхат Аймағамбетов өзінің Telegram-арнасында.

АҚШ-тағы Нью-Йорк қаласының мэрі Эрик Адамс желідегі жазбасында Республика күні қарсаңында Қазақстан туын көтеру рәсіміне қатысқанын мәлімдеді.

"Біз осылайша Нью-Йорк тұрғындарының рух-жігерін көтереміз. Сол арқылы туған қаламыздың әр алуан әсемдігін бүкіл әлемге көрсетеміз,"-деп жазды ол.

Ads zone