Непалдағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің бірі Қазақстанда тұрған


Апатқа ұшыраған ATR 72 ұшағының бортында болған Ресей азаматы Елена Бандуроның соңғы кездері Қазақстанда тұрғаны белгілі болды. Ол Непалға күйеуіне ұшып бара жатқан.

Белгілі болғандай, Елена Бандуро саяхатшы блогер және SMM маманы болған. Қайғылы оқиғадан сәл бұрын ол туыстарына жүктілігі туралы айтқан.

Блогер Елена Бандуро саяхатшы болған. 2022 жылы ол Сахалинге барған, оған дейін Итуруп аралында, ал сәтсіз сапарға шықпас бұрын ол Қарағанды қаласында болған.

Елена өзінің жеке блогында саяхат тәжірибесімен белсенді бөлісіп отырған. Ұзақ сапарлардан басқа, ол ірі компанияларда SMM маманы болып жұмыс жасаған. Еленаның соңғы суреті ұшақ бортындағы селфи болды.

Gazeta.ru сайтына берген сұхбатында Еленаның туыстары оның ұялы телефоны табылмағанын айтты.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Непалдағы ұшақ құлаған жерде адамдар әлі де іздестіріліп жатыр. Әзірге төрт жолаушы туралы ештеңе белгісіз. Әзірге 68 мәйіт табылды. Бортта 72 адам болған. Олардың төртеуі – экипаж мүшелері. Тасымалдаушы өкілдерінің айтуынша, ешкім тірі қалмаған.

Yeti Airlines компаниясының ATR 72 жолаушылар ұшағы жексенбі күні таңертең апатқа ұшырады. Лайнер Катмандудан Похараға бет алған. Қону кезінде ұшақ өртеніп, өзен шатқалының аумағына құлаған. Жәбірленушілерді іздестіру қолайсыз жер болғандықтан қиындап кеткен.

Жолаушылар арасында Непал, Үндістан, Корея, Англия, Франция, Аргентина тұрғындары, сондай-ақ төрт ресейлік бар.

Апатқа ұшақтың техникалық ақауы себеп болуы мүмкін.

Ads zone