Непалда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі табылды


Непал Азаматтық авиация басқармасы Покхарада апатқа ұшыраған Yeti Airlines ұшағының ұшу деректері мен кабина жазбалары қалпына келтірілгенін хабарлады.

Сурет: TravellingNepal

Ұшақ Катмандудан ұшып келе жатып, туристік қала Похарадағы жаңадан ашылған әуежайға жақындаған кезде құлаған.

"Әзірге біз 68 мәйітті таптық. Тағы төртеуін іздеп жатырмыз. Мәйіттерді тапқанша жалғастыруымыз керек. Біз ғажайып болса деп тілеудеміз. Бірақ тірі адамды табуға деген үміт нөлге тең", - деді жергілікті жоғары лауазымды шенеунік Тек Бахадур. Қ.С.

«Қара жәшік» деректері тергеушілерге елдегі соңғы отыз жылдағы ең көп адам өліміне әкелген ұшақ апатына не себеп болғанын анықтауға көмектесуі мүмкін, делінген баяндамада.

Еске салайық, жексенбі күні Покхараның ескі және жаңа әуежайларының арасында ATR 72 турбовинтті жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.

Жергілікті Yeti Airlines әуе компаниясына тиесілі ұшақ Катмандудан Покхараға ұшқан. Әуе компаниясы өкілінің айтуынша, ұшақта 68 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі болған.

Алдымен ұшақтың барлық жолаушылары мен экипаж мүшелерінің қайтыс болғаны хабарланғанымен, кейінірек шенеуніктер ауруханаға жеткізілген аман қалғандардың белгісіз санын хабарлады.

Құлаған ұшақтың 15 жолаушысы шетелдіктер болған. Жолаушылар арасында: 53 непалдық, 5 үндістандық, 4 ресейлік, 2 кореялық, Ирландия, Аргентина, Австралия және Францияд елдерінің бір-бір азаматы болған. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жолаушылардың арасында қазақстандықтар жоқ деп түсіндірді.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Непал Президенті Бидхья Деви Бхандариге көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.

Ads zone