Мэттью Перридің өлімінің себебі анықталды


Лос-Анджелес округінің медициналық сараптама кеңсесі Мэттью Перри «кетаминнің әсерінен» қайтыс болды деп хабарлады.

Сурет ашық дереккөзден

Мэттью Перри - «Достар» сериалының жұлдызы. Аутопсия туралы есепте коронарлық артерия ауруы және опиоидтарды қолданудың бұзылуын емдеу үшін қолданылатын бупренорфиннің әсері өлімге ықпал еткені атап өтілді. Сараптама қорытындысы бойынша өлім жазатайым оқиға деп танылды.

Кетамин - ауруды басатын, ұмытшақтықты, интоксикацияны, диссоциацияны және эйфорияны тудыратын рекреациялық мақсатта қолданылатын дәрі. Сондай-ақ, ол депрессияны емдеу үшін жиі қолданылады.

Перри 28 қазанда Лос-Анджелестегі үйінде қайтыс болды. Актер өмір бойы алкоголь мен нашақорлықпен ауырған. Соңғы жылдарында ішімдіктен бас тартқан ол 54 жасында өмірден өтті.

Ads zone