Министр Мусин Ресейліктерге арналған ЖСН туралы: "Біз мәселені шештік"


Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елордадағы халыққа қызмет көрсету орталығында болып, Қазақстанға келген ресейліктерге қызмет көрсету жағдайын тексерді.

Ресейліктердің көптеп келуіне орай Астанада бір түнде жаңа халыққа қызмет көрсету орталығы пайда болған еді.

«Бүгін мен «Жастар» сарайында Астана қаласы әкімдігімен жедел түрде ұйымдастырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында болдым және жағдайды өз көзіммен көріп, үдерістерді тексердім. Басты жаңалық негізгі орталықтардағы көпсонар кезек қысқарып, қазақстандықтар қызметтерді кедергісіз, қалыпты режимде ала алатын болды», - деп жазды ICRIAP басшысы Facebook желісіндегі парақшасында.

Министрдің айтуынша, Ресей Федерациясынан келген азаматтардың легі шынымен де көп, операторлар үшін ұзын-сонар кезек бар.

«Бүгінге дейін адамдар ХҚО-ға келіп, құжаттарын көрсетеді, деректері базаға енгізіледі, кетеді, ал келесі күні ЖСН алу үшін ХҚО-ға қайта келетін. Осы себептерге байланысты ғимаратта пандемония күшейе түскені байқалған.

Біз мәселені шештік, енді ЖСН алуға өтініш берген адамдарға ХҚО-на екінші рет келудің қажеті жоқ. ЖСН ресейліктерге телефон нөмірі арқылы 1414 қызметінен SMS хабарлама түрінде жіберіледі. ЖСН алуға кезекте тұрған барлық ХҚКО клиенттеріне қатысты бұл мәселе жартылай шешілді деуге болады», - деді министр.

Бағдат Мусин елордалық халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлеріне жеделдігі мен ісіне адалдығы үшін алғысын білдірді.

"Олар артылған жұмыс жүктемесін кәсіби түрде жеңіп келеді. Біз кез-келген жағдайға кәсіби түрде дайын отырамыз", - деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, министр Мусиннің Астанадағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде жаңашылдықтың мәнін түсіндіріп жатқан «сөйлеген сөзі» видеоға түсіп қалған.

Бір күн бұрын халықаралық форумның панельдік сессияларының бірінде Бағдат Мусин ЭЦП жүйесі барлығын әбден қажытқанын мойындап, QR-код технологиясының әлдеқайда ыңғайлы екенін баса айтты.

Ads zone