Мейіржан Төребаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды


Бұл туралы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты хабарлады.

2022 жылғы 18 қазанда қазақстандық вайнерді қамауға алу мерзімін ұзарту туралы сот шешімі шықты.

Сот жіберген хабарламада:

"Тергеу органдарының күдікті Мейіржан Төребаевты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде 1 айға, яғни 18 қарашаға дейін қамауда ұстауға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды", - делінген.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Ads zone