Мөлдір Әуелбекова өзінің ажырасуы туралы ойымен бөлісті


Әнші бұрынғы күйеулеріне ешқашан қаржылық тәуелді болмағанын Instagram желісінде айтты.

Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Ажырасу өте ауыр процесс, сіз қалай өз-өзіңізге келдіңіз деген сауалға Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде жауап берді.

"Сол үшін, әр отбасыдағы ажырасу процессіндегі қиындықты, ситуацияға байланысты қарау керек. Менің ситуациям басқаларға қарағанда өзгеше. Менің екі күйеуім де мені асырап, баққан жоқ. Яғни, мен ақшалай тәуелді болмадым. Сол себепті, күйеуіне тәуелді әйелдерге қарағанда, маған күйеусіз ары қарай да өміріп сүріп кету қиын болмады. Тем более мен бірінші күйеуіммен толыққанды тұрмадым. Ол жұмыс бабымен басқа қалада тұрды, мен енеммен басқа қалада тұрдым. Екіншісімен 7 ай ғана тұрдым. Екеуінде де, босана сала 20 күннен соң жұмысқа шығып, өз өзіме қолдау болдым. Иә, мен үйде толыққанды декретте отырған әйел болмады. Сол үшін де, маған ажырасуды өту жеңілірек болды. Мен түбегейлі жұмысқа кірісіп, өзімді тірлікпен аулап, депрессиядан тез шықтым. Тем более әрдайым қасымда қолдаушы Ата-Анам болды," - деп жазды әнші.

Сондай-ақ, әнші әр отбасындағы ажырасу процессіндегі қиындықты ситуацияға байланысты қарау керектігін де тілге тие кетті.

Ads zone