Ұлытау өңірінде ғарыш кемесінің сынығы құлады: тұрғындар эвакуацияланды


Әлеуметтік желіде Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданына зымыран құлағаны туралы ақпарат тарады. Жергілікті әкімдік жағдайға қатысты пікір білдірді.

Жаңаарқа ауданының тұрғындары Орынбай ауылы маңындағы далаға құлаған ғарыш кемесінің фрагментін түсіріп алды. Тұрғындар кеменің апатқа ұшырауы азаматтардың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндіруі мүмкін деп қауіптенеді.

Жаңаарқа ауданының әкімдігі жағдайға қатысты түсініктеме берді. Ведомство құлаған фрагменттің «Прогресс МС-21» жүк кемесіне тиесілі екенін хабарлады.

"Бұл "Прогресс МС-21" жүк кемесінің фрагменті. Ол Орынбай елді мекенінен 25 шақырым жерге құлады. Жақын маңдағы қыстаулардың тұрғындары эвакуацияланды. Орынбай ауылының тұрғындарын көшірген жоқпыз. Роскосмос мамандары бұл жағдайды алдын ала білген. Ғарыш кемесінің ұшу күні мен уақытын анықтады және фрагменттің құлаған жерін анықтады. Олар осы жерді күзететін арнайы жедел әрекет ету тобын құрды. Ғарыш кемесі бірінші кезеңінің фрагменттері қазірдің өзінде алынып тасталды», - деді баспасөз қызметі.

Ads zone