Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасының жабылуына қатысты пікір білдірді


Ұлттық банк басқармасының төрағасы Ғалымжан Пірматов «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының аяқталуы туралы сұраққа жауап берді.

Астанада өткен брифингте журналистер Ұлттық банк басшысынан «7-20-25» бағдарламасының жақын арада жабылатыны туралы ақпаратқа жауап беруін сұрады.

Ғалымжан Пірматов бұл бағдарлама бойынша өтінімдер саны бөлінген қаражаттан қалған суммадан асып тұрғанын айтты.

"Біз хабарлағанымыздай, болінген қаражаттың толық игерілуін күтеміз. "7-20-25" бағдарламасына сәйкес: бөлінген қаражат толық игерілгеннен кейін ғана ол тоқтайды. Қашан тоқтайтыны қаражаттың қаншалықты жылдам игерілетініне байланысты. Бұған біз нақты жауап бере алмаймыз. Негізінде бағдарламада қалған қаражаттан өтініш саны көп», - деп түсіндірді Ғалымжан Пірматов.

Ads zone