Әлеуметтік прогресс индексі: Қазақстан 63-орында


2024 жылғы Әлеуметтік прогресс индексінде Қазақстан 170 елдің ішінде 63-ші орынға ие болды.

США Виза Трамп
Сурет: ашық дереккөзден

ҚР Экономикалық зерттеулер институтының мәліметі бойынша, еліміздің жалпы көрсеткіші 69,73 баллды құрады, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 63,44 балл жоғары.

Рейтингтегі алғашқы үш орынды Дания, Норвегия және Финляндия иеленді. Қазақстан (63-орын) әлеуметтік прогресс индексі бойынша мынандай елдерден озық шықты: Катар (65-орын), Вьетнам (66-орын), Мексика (69-орын), Перу (73-орын), Ресей (76-орын), Қытай (77-орын) 1-орын), Өзбекстан (81-орын), Түркия (85-орын), Қырғызстан (86-орын).

Қазақстан орта білім берудегі гендерлік теңдік, электр қуатына қолжетімділік және ұялы байланыс абоненттерінің саны бойынша көш бастап тұр.

Қазақстанның бәсекелестік артықшылығы – балалардың орта мектептегі үлгерімі (6-орын), онлайн үкіметке қолжетімділік (15-орын), білімді адамдар саны (26-орын), интернетті пайдаланушылар саны (26-орын).

Сурет: ekonomi.kz

Ел шикізатты қайта өңдеу (164-орын), бейбіт жиналыстар бостандығы (144-орын) және өмір сүру ұзақтығы (130-орын) бойынша әлсіз позицияларды иеленді.

2023 жылғы зерттеу жалпы 61 елде денсаулық, құқық, сөз бостандығы, ақпарат пен коммуникация салаларындағы құлдыраумен байланысты әлеуметтік прогрестің айтарлықтай құлдырауын бастан өткерді.

Ads zone