Әкім Ерболат Досаев үйсіздер түнейтін қараусыз ғимаратты бұзуды тапсырды


Тұрғындардың айтуынша, бұл аумақтан бірнеше рет мәйіттер табылып, 12 рет өрт шыққан.

Алматы әкімінің Медеу ауданының халқымен кездесуінде қаланың ескі бөлігінің тұрғындары 2016 жылдың қазан айында өртеніп кеткен Черкассы оборонасы, 13 мекенжайы бойынша қаңырап бос тұрған үй орналасқанын хабарлады. Тұрғындардың айтуынша, ол жерде қоқыс орны пайда болып, үйсіз-күйсіздер түнеп, нашақорлардың ортасына айналған. Тұрғындардың айтуынша, бұл аумақтан мәйіттер бірнеше рет шығарылып, 12 рет өрт шыққан.

Әкім қарамағындағылардан нысанның кімнің атында тұрғанын сұрады. Нәтижесінде қаңырап бос қалған ғимарат Алматы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорнына тиесілі болып шықты.

«Бұған дейін бұл жерде инвесторлар іздестіру жұмыстары жүргізілген еді, енді аудан әкімімен келісім болса…» – деп ПҚС өкілі абдырап жауап бере бастады.

Досаев оның сөзін кесіп, дереу нысанды бұзуды қолға алуды тапсырды.

"ПКС есебінен өздерің бұзуларың керек. Қаражат бар ма? Бұзыңдар, сосын инвестор іздеңдер", - деді әкім.

Ads zone