Киберщит бір ай ішінде Қазнетке жасалған 20 миллионға жуық шабуылға тойтарыс берді


«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ («ГТС» АҚ) «Cybershield» кешенді қорғаныс құралдарын пайдалана отырып, кибершабуылдарға тойтарыс беру жұмыстарын жүргізуде.

«Бүгінгі таңда қауіптерді азайту мақсатында нақты уақыт режимінде барлық желілік трафикті талдау және әрбір пакетті тексеру жұмыстары жүргізілуде. Киберқалқан зиянды трафик пен зиянды бағдарламаларды сүзу арқылы ішкі және сыртқы периметрлік шабуылдарға тойтарыс береді. Бір айдың ішінде 20 миллионға жуық кибершабуылға тойтарыс берді», - делінген GTS хабарламасында.

GTS кибершабуылдар Қазақстандағы сайлау кезеңінің басталуымен байланысты деп болжайды.

DDoS-шабуылдары үшін бүкіл әлем бойынша таралатын ботнет деп аталатын вирус жұққан компьютерлер мен IoT құрылғыларының желілері пайдаланылғаны атап өтілді.

Қазіргі уақытта Cybershield күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

DDoS шабуылы – бұл белгілі бір интернет-ресурсқа немесе интернет сегментіне ретсіз сұраныстар түріндегі арнайы бағытталған қуатты трафик ағыны. Шабуыл нәтижесінде Интернетке қол жеткізу қиындайды (Интернет қызметтерінің жұмысында кідіріс болуы мүмкін) немесе ол мүлдем жұмысын тоқтатады.

Ads zone