Кәрім Мәсімов апелляция сұрады


Ақпаратты елордалық соттың баспасөз қызметі растады.

Сурет: esquire.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов аппеляциялық шағым түсірді. Астана қалалық сотының баспасөз қызметі БАҚ-та тараған Кәрім Мәсімовтің апелляциялық шағым түсіргені, бірақ іс апелляциялық сотқа әлі келіп түспегені туралы ақпаратты растады. Соттың айтуынша, бұл іс «Аса құпия» айдарымен қаралуда. Басқа ақпарат жариялауға келмейді.

Еске салайық, 24 сәуірде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында
Астана істері бойынша Кәрімге қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.

Оған мемлекетке опасыздық жасады (Қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі), Қазақстан Республикасындағы билікті күштеп басып алды (ҚК 179-бабының 3-бөлігі) және билікті және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланды (бөлігінің 3-тармағы) деп айыпталған.

Сот шешімімен Кәрім Мәсімов ҚК-нің 175-бабының 1-бөлігімен, 179-бабының 3-бөлігімен, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен түпкілікті үкім тағайындалып, мүлкі тәркіленіп, 18 жылға бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалған.

Ads zone