Эминемнің шынайы өміріне негізделген фильм


"8 миля" — 2002 жылы режиссер Кертис Хэнсон (LA Confidential) және Скотт Силвер (Джокер) жазған драмалық фильм."8 миля — 2002 жылы режиссер Кертис Хэнсон (LA Confidential) және Скотт Силвер (Джокер) жазған драмалық фильм.

«8 миля» фильмінен үзінді, 2002

«8 миля» фильмі хип-хоп сахнасында атын шығаруға тырысып жүрген, әртүрлі жеке проблемалары бар жас фабрика жұмысшысы Джимми Би-Рэббита Смит-кішінің оқиғасын баяндайды. Фильм кассалық табысқа және көптеген марапаттарға ие болды, соның ішінде ең жақсы авторлық ән үшін Академия сыйлығын алды. Бұл фильмде рэпер Эминем актерлік дебют жасады (шын аты: Маршалл Брюс Мэтерс III).

Фильмді немесе Эминем туралы естіген кез келген адам рэпердің мансап жолындағы дүбірлі жеке өміріне негізделіп түсірілген «8 миль» сюжетін де естіген болуы керек. Шынымен де бұл фильм Эминемнің өмірін суреттей ме? Егер солай болса, фильм Эминемнің өмірін қаншалықты дәл сипаттайды? Егер сізді де дәл осындай сұрақтар қызықтырса, фактіні фантастикадан ажыратып көрейік.

«8 миля» шынайы оқиға ма?
«8 миль» шынайы оқиғаларға негізделген. Фильмде Эминемнің Детройттағы өмірлік тәжірибесіне ұқсастықтар мен параллельдер көп. Бұл атау Детройттағы бай ақ нәсілділер мен кедей қара нәсілді халық арасындағы бөліністі білдіреді. Фильм мен шындық арасындағы ең маңызды ұқсастық: ақ нәсілді жігіттің қара нәсілділерге жақын жанрда музыка жасауға тырысуында.

"8 миль" фильмі Эминемнің шынайы өміріне негізделген бе?

Тағы басқа ұқсастықтар: Джиммидің The Shelter (Детройттағы мекен-жайы), Джиммидің анасымен шиеленіскен қарым-қатынасы, нашар өмір сүру жағдайлары, оның ғашығымен қиын қарым-қатынасы және өзі жақсы көретін інісі. Фильмдегі Future есімді кейіпкері Эминемнің шынайы өмірдегі жақын досы әрі рэпер Профке негізделген делінеді.

Дегенмен, фильмде Эминемнің шынайы өмірінен үлкен ауытқулар бар. Біріншіден, фильмдегі оқиғалар 1995 жылы орын алады. Эминем сол кезде өте табысты рэпер болмаса да 90-жылдардың басында мансап үшін күрескенімен, ол 1996 жылы өзінің алғашқы EP шығарды. Салыстырмалы түрде алғанда, фильмдегі Джиммидің мансабы әлдеқайда артта қалды.

Эминем ешқашан зауытта жұмыс істемеді, бірақ күнкөріс үшін күресіп, бір кездері мейрамханада жұмыс істеген. Эминем біраз уақыт анасының үйінде тұрды. Алайда, ол кезде ол үйленіп, кішкентай қызы болды. Джиммидің әпкесі Лилимен қарым-қатынасы оның кіші інісі Нейтанға қарағанда қызымен қарым-қатынасына негізделген болуы мүмкін.

Фильмдегі есте қаларлық бір көріністе Джимми полиция көлігін пейнтбол мылтығымен атып тастағаннан кейін Джимми мен оның достары полициядан қашады. Шындығында, Эминем бұл әрекеті үшін қамауға алынған, бірақ оны атқан оның досы еді. Жәбірленуші деп танылған тарап сот отырысына келмеген соң іс тоқтатылды.

Дегенмен, бұл айырмашылықтар үшін өте ақылға қонымды түсініктеме бар. Басылымдарың біріне берген сұхбатында Эминем фильмде өзін ойнағанын жоққа шығарды.

«Мен фильмде өзімді ойнамаймын. Ұқсастықтар бар, өйткені мен сценарист Скотт Сильвермен бірге отырып, оған өз өмірімнен фильмде қолданылған мысалдарды айттым, кейбіреулері дәл болғандай, кейбіреулері сәл өзгеше. Мен Детройтта өскен және рэпер болуға тырысатын Джимми есімді жігітті ойнаймын»,- деді Эминем Rolling Stone журналына берген сұхбатында.

Еске салайық, фильм 15 рет «Грэмми» сыйлығын жеңіп алған.

8 миля — бұл өмірбаяндық фильм емес, бірақ шындыққа параллельдер оны толығымен ойдан шығарылған деп санамау үшін жеткілікті. Эминемнің сөзінен фильмде оның өмірінен эпизодтар мен элементтер бар екенін, бірақ кейбір тұстары ойдан шығарылған деп қорытынды жасауға болады. Сондықтан «8 миль» фильмі 21 ғасырдың ең құрметті рэперлерінің бірінің шынайы оқиғасына негізделген ішінара ойдан шығарылған деп айтуға болады.

Ads zone