Әйелдердің зейнет жасын қысқарту


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова әйелдердің зейнетке шығу жасын әр балаға қысқарту туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөйлеген сөзінде министр егер үкімет әрбір баланың туылуына байланысты зейнеткерлік жасты азайтса, онда әйелдердің жинақ қорындағы ақшасы жетпейтінін атап өтті.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 53 жасқа толған және бес баласы бар әйел ерте зейнетке шыға алады.Тіпті әйел жұмыс істемесе де, төрт баладан көп болса, мемлекет оған 12 жыл еңбек өтілін қосады. Енді мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловтың ұсынысына тоқталамын. Бүгінде зейнетақы еңбек өтілі мен табысына қарай есептеледі. Бұл заңда жазылған. Мәселе азаматтардың жинақтау қорындағы қаражат көлеміне байланысты. Жинақтаушы қорда қаражат болмаса, еңбек өтілі болмаса, зейнетақы өте аз болады», - деді Дүйсенова журналистердің сауалдарына жауап бере отырып.

Ads zone