Италиядан Қазақстанға тірі құмырсқалар салынған 22 пластик контейнер жіберілген


Алматы халықаралық әуежайында тірі құмырсқалар салынған сәлемдеме табылды. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сурет кірістер департаментінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері Алматы халықаралық әуежайында кедендік бақылауды жүргізу кезінде Италиядан келген сәлемдеменің орнына жәшікке салынған тірі жәндіктер, болжам бойынша құмырсқалар салынған 7 пробирка мен 22 пластик ыдысты тапты.

Ведомствода түсіндіргендей, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 Шешімінің 2.6 тармағына сәйкес жабайы тірі жәндіктер 01 тобына жататын ТН ВЭД коды бойынша жабайы тірі жәндіктер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелудің рұқсат етілген тауарларға жатпайды. Осылайша, Қазақстан Республикасының аумағына рұқсатсыз тірі жәндіктерді заңсыз әкелу әрекетінің жолы кесілді.

Аталған факті бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік органға жолданды.

Ads zone