Ішкі істер министрлігі «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясын жариялады


Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» шарасын өткізуде.

Сурет: ЮНИСЕФ

БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенциясының ережелеріне сәйкес, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні жыл сайын 25 қарашада атап өтіледі.

Акцияның мақсаты – қалың жұртшылықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы тұру, ана мен әкелік және баланы қорғау, қоғамдағы отбасы рөлін нығайту бойынша атқарылып жатқан шаралармен таныстыру.

"Науқан аясында имидждік іс-шаралардан басқа, үй жағдайында құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеруді қоса алғанда, толық қамтуды қамтамасыз ету жоспарлануда. Құрылған мобильді топтардың аясында тұрмысы нашар және қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға жан-жақты көмек көрсетуге баса назар аударылатын болады. Қоғамның беделді өкілдерін тарта отырып, әкімшілік қамауға алу кезінде агрессорлармен профилактикалық жұмыс жүргізу үшін арнайы қабылдау орындарын аралауды жоспарлап отырмыз.

Құрметті азаматтар! 111 тегін сенім телефоны жұмыс істейді, оған қоңырау шалу арқылы сіз тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету бағдарламалары бойынша кеңес ала аласыз. Сондай-ақ, 102 телефоны тұрақты жұмыс істейді. Әрбір қоңырау бойынша полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына келіп, кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін заңда қарастырылған барлық шараларды қабылдайды», - деп атап өтті Қазақстан Республикасының Ішкі істер МинистрліГІ ҚАП төрағасының орынбасары Ренат Зұлхайыров.

Ads zone