Илон Маск Twitter қызметкерлерін жаппай жұмыстан шығаруды бастады


Илон Маск Twitter желісіндегі келісімшарт бойынша жұмысшыларды, соның ішінде контент модераторларын жұмыстан қысқарта бастады.

Америкалық миллиардердің меншігіне айналған әлеуметтік желідегі кадр сыпыру туралы Axios ақпарат көздерінде айтылды.

Олардың айтуынша, жұмыстан босатылған қызметкерлердің барлығына жұмыстан босату туралы хабарлама келмеген. Қараша айының басында қызметкерлердің жартысына жуығын жұмыстан босату мақсатында Twitter жүйелеріне кіру мүмкіндігін жойылған.


Сонымен қатар, компания кейбір жұмыстан босатылған жұмысшыларды қайта жұмысқа алған, өйткені олардың көпшілігі жүзеге асырылып жатқан жобалар үшін жауапты болған.

Қазан айының соңында кәсіпкер Илон Маск Twitter-ді сатып алу бойынша 44 миллиард долларлық келісімді аяқтады. Дәл осы уақытта Twitter-ді қысқарту басталды. Жаңа бас директор «компания күніне 4 миллион доллардан жоғалтқанда, қызметкерлер санын қысқартудан басқа таңдауы болмағанын» айтты.

Ads zone