ХАМАС 150-ге жуық шетелдікті өлтірді - Израиль Сыртқы істер министрлігі


Израильде Хамас шабуылының салдарынан 30 елден келген 148 шетелдік қаза тапты.

Сурет: ашық дереккөзден

Израиль Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жаңартылған ақпараты бойынша, ХАМАС шабуылынан 150-ге жуық шетелдік қаза тапқан.

Дереккөз

Қайтыс болғандар мен із-түзсіз жоғалғандардың көпшілігі АҚШ азаматтары. 19 американдық қаза тауып, тағы 20 адам із-түзсіз жоғалып кетті деген болжам бар.

Өз кезегінде Америка Құрама Штаттары кем дегенде 30 азаматтың қайтыс болғанын, 13 адам хабарсыз кеткен деп жарияланды.

Таиланд пен Франция 15, Украина мен Ресей 13, Ұлыбритания мен Аргентина 8 азаматынан айырылды.

Барлығы 30 елдің азаматтары Хамастың құрбаны болды.

Қазақстанның 1 азаматы жоғалғандар қатарында.

Ads zone