Голливуд актері Джереми Реннер мүгедек болып қалуы мүмкін


Жаңа жылдың алғашқы күні актерді қар тазалағыш машина басып кеткен. Реннер дереу ауруханаға жатқызылып, оған бірнеше ота жасалған.

«Прибытие» фильмінің және «Кек алушылар» ("Мстители") франшизасының жұлдызы Джереми Реннер екі ота жасатқанымен, оның денсаулығы әлі де дәрігерлерді алаңдатып отыр. Егер нәтиже нашар болса, Реннер мүгедек болып қалуы мүмкін, деп хабарлайды Radar Online жағдаймен таныс дереккөзге сілтеме жасап.

Америкалық актердің әлеуметтік желілерінде оның отадан кейін қалпына келгені туралы ақпарат, сондай-ақ аурухана палатасындағы фотосурет пайда болды. Алайда жағдайды жақсы білетін дереккөз Джереми Реннердің жағдайы әлі де тұрақсыз екенін айтты. Актердің аяғын кесіп тастауы мүмкін екені белгілі болды, себебі жарақаттары тым ауыр болды.

Еске салайық, оқиға 1 қаңтарда қалың жауған қардан кейін қар тазалау кезінде болған. Актерді қар тазалағыш машина басып кетіп, соның салдарынан кеудесі мен аяғы жарақаттанған.

Ads zone