Екпе алмаған балалар да "ұлттық қордан" төлемдер алады


Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралып жатқан «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасы бойынша екпе алмаған балаларға төленетін төлемдердің тоқтатылғаны туралы ақпарат жалған.

Сурет ашық дереккөзден

Бұл хабарлама алдымен Instagram желісіндегі Qaznews24 деп аталатын сатиралық ақпарат агенттігінде жарияланған. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қоғаммен байланыс департаменті ақпараттық жалған екенін, департамент директорына қатысты айтылған дәйексөздің ойдан шығарылғанын растады.

"Екпе алмаған балаларға төлемді тоқтату туралы бұл жалған ақпаратқа сенбеңіз. «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасы Қазақстан азаматтарының барлығына вакцинация мәртебесін есепке алмай, жыл сайынғы сома төлейтін болады",- деді Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Ата-аналарға немесе заңды өкілдерге баланың жеке куәлігін, оның ішінде ЖСН-ін алып, «электрондық үкімет» веб-порталындағы «Балалар туралы ақпарат» бөліміндегі жеке кабинетінде ақпараттың бар-жоғын тексеру жеткілікті.

Ads zone