Джервонта Дэвис түрмеге қамалды


Жеңіл салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Джервонта Дэвис (29-0, 27 КО) жасаған қылмысы үшін тағайындалған жаза шарттарын бұзған.

Джервонта Дэвис, сурет ашық дереккөзден

Боксшы үйқамаққа алу шарттарын бұзғаны үшін Балтимор түрмесінде 3 ай отыруға мәжбүр.

Джервонта Дэвис болған оқиғаның өз нұсқасын айттып, көпшілікті таң қалдырды: «Жігіттер, мен айтқым келеді. Мен барлығының шындықты білгенін қалаймын. Бұл судья жынды. Ол мені неге торға қамап қойғанын білесіңдер ме? Өйткені мен жылжымайтын мүлік сатып алдым. Негізі мен жақсы азамат едім, адвокаттарымды тыңдадым. Ол мені үй сатып алу үшін қамап қойды. Сондықтан мен түрмеде отырмын».

«Ол менің барлық үйқамақ мерзімімді шағын бір бөлмелі пәтерде атқарғанымды қалады. Менің не айтқым келгенін түсінесіз бе? Мен бұлай өмір сүре алмаймын. Маған балаларымды көруге де рұқсат етпеді. Мен барлығының мұнда не болып жатқанын білгенін қалаймын. Сот мені пайдаланып жатыр. Ал маған бұл ұнамайды», - деді Дэвис.

2020 жылы Дэвис апатқа ұшырап, қылмыс орнынан қашып кеткен. Төрт адам зардап шекті, оның ішінде жүкті әйел де бар (ол боксшыны түрмеде отыруды талап етті). Чемпионның адвокаттарының күшімен спортшы 26 айлық түрменің орнына 3 ай үй қамауында отыруы керек болды.

Бірақ Дэвис шұғыл түрде өзінің өмір сүру жағдайын жақсартқысы келді - ол 3 миллион долларға пәтер сатып алған. Келісім шарттары бұзылғандықтан, судья боксшыны жазасын түрмеде өтеуге жіберді.

Ads zone