Дуэйн Джонсон: "14 жасымда мен кедей болдым, сондықтан бір жылға жуық дүкеннен ұрлық жасадым"


Дуэйн Джонсон Гавайидегі «7-11» дүкеніне қарызын қайтаруды ұйғарған.

"14 жасымда мен кедей болдым, сондықтан бір жылға жуық уақыт бойы мен күн сайын 7-11 дүкенінен үлкен Snickers ұрлап жүрдім. Мұны жаттығу залына барар жолда жасадым, себебі шоколад менің жаттығу алдындағы жеңіл тағамым болды. Дүкенде күнде бір қызметкер болатын, ол мені байқаса да тек басын бұрып, мені ешқашан жазаламады. Мен 7-11-ге қайта оралып, дүкендегі барлық тәттіні сатып алған дұрыс деп ойладым,"- деді Дуэн.

Актер дүкендегі барлық шоколадтарды сатып алып қана қоймай, сонымен қатар сол кезде дүкенде болған барлық келушілердің ақшасын төлеп берген.

Ads zone