Димаш Құдайбергеннің Норвегиялық жанкүйерлері Қазақстан бойынша саяхатқа аттанбақ


Қазақстанның Норвегиядағы елшілігі Димаш Құдайбергеннің норвегиялық фан-клубының 20 мүшесі Қазақстан бойынша екі апталық саяхатқа аттанатыны туралы хабарлады.

Димаш Құдайбергеннің фан-клубының суреті, Норвегия

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері әншінің туған жері – Ақтөбеге барып, Астананы көріп, Қазақстанның көрікті жерлерімен, салт-дәстүрімен танысуға ниетті.

Фан-клуб мүшесі Анетта Слеттмоеннің айтуынша, жанкүйерлер Димашқа бірқатар норвегиялық сыйлықтарды, оның ішінде музыканттың портретін, сондай-ақ қолдан жасалған норвег гармоникасын (қазақ аспабы шаңқобыздың туысы) сыйлауға үміттенеді.

«Бағдарламаның маңызды бөлігі - музыка сабақтары, онда жанкүйерлер ұстаз Марат Әйтімовтің жетекшілігімен қазақ музыкалық аспаптарында ойнап, ән шырқайды», - деді Анетта.

2022 жылдың 23 қыркүйегінде Димаш Құдайберген Қазақстандағы аты аңызға айналған спорт нысандарының бірі – Алматының Орталық стадионында «Stranger» атты үлкен концертін өткізеді.

Ads zone