Димаш Құдайберген бауырын құттықтады


Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген інісі Әбілмансұрды туған күнімен көпшілік алдында құттықтады.

Сурет ашық дереккөзден

Бүгін, 2024 жылдың 5 қаңтарында Әбілмансұр Құдайбергеннің туған күні, ол 17 жасқа толды.

Димаш бауырына құттықтау тілегін Instagram-дағы жеке парақшасында жариялады.

«Бүгін менің інім 17 жасқа толды. Өнерің асқақтай берсін! Мансұртай, саған үлкен шығармашылық табыстармен қоса, қарапайым адами бақыт тілеймін. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, халықтың көзайымы бол. Басқа да тілектерімді телефонмен өзіңе айтып жеткіздім.Мансұрдың туған күніне орай,сіздерге оның өнерін тамашалауды ұсынамын»,-деп жазды Димаш Құдайберген.

Сөз соңында ол абоненттерге Әбілмансұрдың электрогитарада орындауын ұсынды.

Ads zone