Digital Bridge 2022 Орталық Азия елдерін біріктірген ең ірі IT платформаға айналды


Елордада 28-29 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, әлемдік компаниялардың жетекшілерінің, IT-инновациялар саласындағы үздік сарапшылардың қатысуымен Digital Bridge 2022 халықаралық форумы өтті.

Форум әлемнің 15 елінен 25 мыңға жуық қатысушыларды, 300 IT-компанияларды, 150 венчурлық инвесторлар мен бизнес-періштелерді, 300-ден астам спикерлерді және 100 стартаптарды біріктірді.

Биылғы жылы форумның тақырыбы «Орталық Еуразия жаңа технологиялық платформа ретінде». Ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі болды.

"Еліміз жақын болашақта Орталық Азиядағы ең ірі цифрлық хабтардың біріне айналуды көздеп отыр. Біз ірі технологиялық компаниялармен серіктестікте ІТ мамандарын өсіру және оқыту арқылы адами әлеуетімізді дамытамыз", - деді министр Бағдат Мусин.

300-ден астам спикер – ірі дипломаттар, жетекші халықаралық компаниялардың басшылары, әлемге әйгілі сарапшылар және мемлекеттік органдардың өкілдері – Digital Bridge 2022 45 панельдік сессиясы аясында қазіргі трендтер, IT-инновациялар саласындағы ең маңызды проблемалар туралы айтты.

Екі күн ішінде мемлекеттік органдар, ірі компаниялар, халықаралық технопарктер IT-инновацияларды дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы 29 меморандум мен келісімге қол қойды. Атап айтқанда, Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі 11 меморандумға қол қойды.

Стартап аллеясында 100-ден астам ең үздік Орталық Азия жобалары ұсынылды, ақпараттық технологиялар, деректертану, блокчейн және т.б. саласындағы IT бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 20 жергілікті және шетелдік IT-компанияның 500-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылды.

ІТ-мектептер көрмесінде еліміздің әр өңірінен келген 20 IT-кадрларын дайындайтын мектеп өз оқу орындарын ұсынды. Сондай-ақ Digital Bridge-те алғашқы он студентке Tech Orda бағдарламасы бойынша IT мамандықтары бойынша оқуға жолдама берілді. Форум барысында Astana Hub және Google for Startups бірлескен бағдарламасы – Silkway Accelerator демо күні өтті.

Astana Hub Battle байқауына 250-ден астам өтінім келіп түсті, олардың 10-ы финалға өтіп, 10 000, 5 000 және 3 000 долларлық чектерді сарапқа салды. NBFIT стартапы жеңімпаз деп танылса, Easy Tap стартапы 2-орынға, Cibionyx стартаптары 3-орынға ие болды.

"Astana Hub Battle - бұл, ең алдымен, стартаптарды тыңдауға мүмкіндік. Сонымен қатар, бұл инвесторлар үшін де мүмкіндік. Сондықтан, форум инвесторларға да, стартаптарға да олардың осында келген мүмкіндіктерін беретініне сенімдімін", - деді ол. деп түсіндірді Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.

Ads zone