Бортында 200 адамы бар ұшақ есігі әуеде ашылып кеткен


Asiana Airlines компаниясының ұшағының есігін Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласына ұшып бара жатқан жолаушы ашып жіберген.

Сурет: ашық дереккөзден

Airbus 321 Оңтүстік Кореяның оңтүстік жағалауындағы Чеджу аралынан Тэгу қаласына ұшып бара жатқан. Asiana Airlines хабарлауынша, ұшақта 200 адам болған.

Елді дүрліктірген оқиғаның видеосы желіде тарады, оны жолаушылардың бірі телефонына түсіріп алған. Бейнежазбада қорқып кеткен жолаушылардың отырғыштарының қол тіректерін қалай ұстағаны көрсетілген.

https://twitter.com/BNONews/status/1662002536138588162

Тэгу өрт сөндіру бөлімі 12 адамның жеңіл жарақат алғанын және тоғыз жолаушының ауа жетіспеуінен ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.

Есікті шығысқа жақын отырған жолаушылардың бірі ашқан деген болжам бар. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Жолаушылар арасында 48 бастауыш және жоғары сынып спортшылары болды. "Балалар үрейленіп, дірілдеп жылап жатты. Шығатын есік жақта отырған жолаушылар ең қатты шошыған болуы керек", - дейді спортшылардың бірінің анасы.

Оқиғаға қарамастан, ұшақ аман-есен қонды, содан кейін күдіктіні жергілікті билік қамауға алды.

Бұл жолаушыны сотқа берген бірінші жағдай емес. Өткен күні ашуланған American Airlines рейсінің жолаушысы ұшқыштың бөлмесіне кіруге әрекеттенгені үшін қамауға алынған.

Ads zone