Beeline цифрлық теңсіздікпен қалай күресуде?


2022 жылы қазақстандық абоненттер Түркия, Сингапур, Италия және басқа да көптеген елдердің тұрғындарын басып озып, мобильді интернеттің белсенді пайдаланушылары болып шықты. Ал бүгінде бұл үрдіс нығая түсуде.

2022 жылы облыстар мен қалаларда мобильді трафикті тұтыну 20 ГБ шегінен асып түсті.

Сонымен қатар, тұтыну картинасын «қалалық/ауылдық» контекстінде қарастыратын болсақ, онда аймақ әлдеқайда белсенді түрде өсіп келеді. Егер соңғы бір жылда азаматтар интернетті 20%-ға белсенді пайдалана бастаса, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында бұл көрсеткіш 50 пайызға жуықтаған.

2022 жылы Алматы облысындағы абоненттер айына орташа есеппен 20 ГБ тұтынған.

Мұның бәрі «250+» бағдарламасының арқасында мүмкін болды, оның аясында қазақстандық операторлар 250 және одан да көп тұрғыны бар шалғай ауылдарға қосылған. Осылайша, жобаның арқасында Beeline-нан кең жолақты мобильді интернет Қазақстанның 1500-ден астам ауылында қолжетімді болған.


"Мен өзім шағын қалада өстім, онда тұрғындардың үлкен қаладағыдай мүмкіндіктері жоқ. Ауылдық шет аймақтарда бұл мүмкіндіктер тіпті аз. Ал интернетке қосылу көптеген кедергілерді жояды. Сіз ең жақсы онлайн мектептерде, тіпті университеттерде де оқи аласыз. Сіз әлемнің кез келген нүктесіндегі кез келген компанияда қашықтан жұмыс істей аласыз. Әрине, жоба күрделі және қаладан ондаған, тіпті жүздеген шақырым жердегі ауылдарға сигнал жеткізу қиын. Бұл күрделі техникалық шешімдерді де, үлкен инвестицияларды да қажет етеді. Бізге жиі жергілікті билік тарапынан көмек көрсетіледі: бір жерде арнайы станция орнатуға жер бөледі, бір жерде біздің жабдықтарды қосу үшін мұнаралар немесе электр желілерін тұрғызып береді. Облыс әкімшілігі бізге көмектесетін жерде ауылды цифрландыру процесі әлдеқайда жылдам жүреді»,- дейді Beeline Қазақстанның техникалық директоры Олег Снимщиков.

Beeline оператор бүкіл ел бойынша 4000-нан астам базалық станцияларды орнатқан. 1000-ға жуық ауыл және олардың 1 миллион тұрғыны төртінші буындағы жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізді. Ал бүгінде 4G Beeline ұялы байланыс операторы 97% қамтуға қол жеткізген.

Ads zone