«Қазақтың ендігі тағдыры қандай болмақ?» Сағат Әшімбаевтың өмір жолы


Бүгінгі жазба қазақ тарихындағы өрен тұлға, мемлекет және қоғам қайраткері, айтулы әдебиетші, тележурналист, ұшқыр ойлы көсемсөзші Сағат Әшімбаев туралы болмақ.

Сағат Әшімбаев, сурет архивтен алынды

Сағат Әшімбаев 1947 жылы көркем Хантәңірі тауының етегінде, әдемі Райымбек өңірінде дүниеге келген. Жастайынан әкесінен айырылып, ал үшінші курста оқып жүргенде анасы өмірден өтіп, інісі екеуі тұл жетім қалады.

Сағат Әшімбаев бала күнінен кітапты көп оқыған. Ол ауыл мектебін алтын медальмен бітіріп, 1965 жылы КазГУ-дің  филология факультетіне оқуға түседі. Ол өз университетінің өміріне белсенді араласып, еңбекқорлығымен, қайырымдылығы және ақылдылығымен студенттермен қатар оқытушылардың да құрметіне бөленген.  

Оқуды бітіргеннен кейін «Лениншіл жас» газетінде әдеби қызметкер, содан кейін бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. Кейін «Жұлдыз» журналында үш жыл сын бөлімін басқарды. Журналдағы жұмысымен бір уақытта ол ҚазМУ-дің филология факультетінде әдеби сынның арнайы курсын жүргізе алды. Беделді журналистке айналған шәкірттері оның керемет ұстаз болғанын айтады. Сағат Әшімбаевтің ізіне еріп, көптеген шәкірттері әдеби сыншы болуды мақсат етті. Кейіннен Сағат Әшімбаев тағы да «Лениншіл жас» газетінде бас редактордың орынбасары болып жұмыс істеді. 1979 жылдан бастап Бүкілодақтық авторлық құқық агенттігінің республикалық филиалын басқарды, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы болды. 1986-91 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік телерадио төрағасының орынбасары, содан кейін төрағасы.

Көрермендер оны он төрт рет эфирге шыққан алғашқы «Жүректен қозғайық» бағдарламасында білді. Әрине, бұл көп емес, бірақ бұл оның тележүргізуші ретіндегі қоғамның азапты мәселелерін ашық айтқан мансабының бастамасы ғана еді. Келесі бағдарлама «Парыз бен Қарыз» болды, осы бағдарламада Сағат Әшімбаев қазақ халқының жүрегін жаулап, одан да көп аудиторияның назарын аударды. Жоба аясында алғаш рет ұлттық бірегейлікті ояту, мемлекеттік тілдің мәртебесі, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мәселелері талқыланды. Сағат Әшімбаев теледидарды үлкен ықыласпен игеріп, іс жүзінде ешнәрсені жасырмай, аудиториямен сөйлесуге болатынын серпінді жобаны жүзеге асырды.

Сағат Әшімбаевті бұқаралық ақпарат құралдарындағы жаңа сала – телевидениені таңдайды деп ешкім ойлаған жоқ. Алайда ол сол кезеңде енді ғана дами бастаған көк экранда алғаш болып «тікелей эфирге» шығып, батыл қадам жасады. Сағат Әшімбаев «Парыз бен Қарыз» бағдарламасында  сұхбаттасушыға ой бөлісуге кедергі келтірмей, сүйікті тәсілмен көрерменге жол тауып, тарихи сананы оята білген керемет модератор болды. Қоғамда болып жатқан оқиғаларды шынайы сынағаны үшін оған тісін қайрағандар да болған. Бағдарламаның үшінші санына Жубан Молдағалиев, Герольд Бельгер сынды зиялы тұлғалар қатысады. Деректерге қарағанда, бағдарлама барысында қоғамдағы әртүрлі тақырыптар қозғалады, халықаралық қатынастар туралы сөз болған кезде шындықты ашып айтқан спикерлерді қандайда бір жолмен тоқтатуға тырыспай, сөзіне үнсіз келіскен Сағат Әшімбаевқа тағы да жоғарғы жақтағылардың көңілі толмайды. Әсіресе бағдарламаға неміс Герольд Бельгердің қатысуы да сынға ұшырайды. Осылай үшінші шығарылымнан кейін 1988 жылы 19 мамырдан бастап Орталық комитеттегілер ұжымды тексереді, ал тамыз айының басында автор және жүргізуші С.Әшімбаев пен оның әріптестеріне Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетіне шақырып, ескерту жасалады. Бағдарламаның төртінші шығарылымы да сынға алынып, ақыр соңында 1988 жылы 2 тамызда толығымен жабылады. Алайда «Парыз бен Қарыз» телешоуы өз атына сай болды және сол кездегі қуатты интегративті ақпараттық ресурсқа айналды. Осылай Сағат Әшімбаев отандық телевидениені қайта құрудың жаңа сатысына көтере білді.  Осы бағдарламаның арқасында көп қазақтың көзі ашылып, халыққа серпін берді.

Сыншының жары Шарбанудың еңбегінің арқасында Сағат Әшімбаевтың мұрағаты, оның ішінде оның жарияланбаған күнделіктері сақталған екен. Сағат Әшімбаев алты кітаптың авторы, олардың арасында «Талантқа тағзым», «Парасатқа құштарлық» қазіргі қазақ әдебиетін зерттеуге арналған. Ол көзі тірісінде 1993 жылы ғана шыққан «Шындыға сүйіспеншілік» кітабын жазып кетті.

Сағат Әшімбаевтың туған ауылында ол оқыған мектепке есімі берілген. Сондай-ақ, Алматы қаласының бір көшесі қоғам қайраткерінің атымен аталған. Ал Қазақ ұлттық университетіндегі Әл-Фараби аудиториясы сол кезде оқыған және сабақ берген Сағат Әшімбаевтың есімімен аталады.

Сағат Әшімбаевты ақсақал ретінде елестету мүмкін емес, себебі ол өте ерте, 44 жасында қайтыс болды. Осындай қысқа мерзім ішінде Қазақстан тарихында өшпес із бен замандастарының жүректерінде жылы лебіздер қалдырды.

Сағат Әшімбаев әдебиетшілікке бет бұруына туған жері Нарынқолдың тұмса табиғаты да өз үлесін қосса керек. «Әдебиет – ардың ісі». Ар-ожданы таза, адамгершілігі мол, елін-жерін шын сүйетін адам ған жақсы сыншы, әдебиетші болады. Ол КазГУ-дің журналистика факультетіне оқуға түседі. Көп оқып, көп ізденеді. Бірінші курсты тамандаған кезінде, небәрі 19 жастағы жас журналист Мәскеудегі Прогресс баспасында шыққан «Афоризмдер» кітабынан нақыл сөздерді қазақшаға аударып, «Ақылдыдан шыққан сөз» деген атаумен газетке шығарады. Сағат Әшімбаевтің ұлылыққа, даналыққа құштарлығын өз кітаптарының атауынан да байқаймыз. «Талантқа тағзым», «Сын мұраты», «Парасатқа құштарлық», «Шындыққа сүйіспеншілік».

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы Сағат Әшімбаевтің нағыз халық жанашыры екендігін танытып кетті. Брежнев атындаға алаңда қазақ жастанрының намысы тапталып жатқанда зиялы қаум үнсіз қала алмады. Әділетсіздікке қарсы үн қатқан Жұман Молдағалиетердің қатарында Сағат Әшімбаев та болды. Қазақ телеарнасында өткен жиналыста және басқа бірнеше жерде өз пікірін, өз көзқарасын ашық жеткізген ол зорлық зомбылықты, әділетсіздікті батыл айыптайды. Бұл ісі жоғарғы орындарға, тиісті органдарға жетеді, солай Сағат Әшімбаевқа да «ұлтшыл» деген айып тағылады.

Бір естелікте Сағат Әшімбаев телевидениеға енді келген жас журналист Рубикжан Яхинді кабинетіне шақырып алып: «Болып жатқан оқиғаны камераға түсіріп алмасақ, ертеңгі ұрпаққа не айтамыз? Болып жатқан жағдайды қалай түсіндіреміз?» деп, алаңда болып жатқан оқиғаның барлығын түсіруді бұйырып, жас журналисттің қолына фотоапараты ұстатады.  Рубикжан Сағат Әшімбаевтың тапсырысын орындайды. Ол арықтарға тығылып, жасырын түрде біздің халқымыздың өміріндегі сол сұмдық оқиғаларды видеоға түсіріп алады. Осылай Сағат Әшімбаевтың нағыз батыл шешімінің арқасында біз бүгін қатал 1986 жылдың деректі шежіресін көруге мүмкіндік алдық. Бүгін еліміздің барлық телеарналарында көрсетілетін көптеген кадрлар оператор-стажердың жұмысы. Сағат Әшімбаевтың қандай адам болғандығы туралы осы әрекеттің өзі көп нәрсе айтады.

«Қазіргі заманда ең басты мәселе аштық, тоқтық мәселесі емес, меніңше ең алдымен елдік мәселесі. Қалай ел болып қалуымыз керек, қалай тілімізді сақтауымыз керек?» деген Сағат Әшімбаевтың сөздері әрбір қазақтың жүрегіне жетті.

Сағат Әшімбаев – сын өнері, әдебиеттану ғылымы, тарих, тележурналистика сынды бірнеше саланы тең ұстаған тұлға. Ол «Жүректен қозғайық», «Қарыз бен парыз» бағдарламалары арқылы ұлттың көкейтесті мәселелерін қозғап, елге жеткізді. Бұл кезде Алаш оқығандары біртіндеп ақталып, жариялылықтың ебі енді ғана есе бастаса да "ұлт, тіл, дін" төңірегіндегі әңгімелерге жоғары жақтағы жақтағалыр әлі де тіксіне қарайтын дәуір еді. Соған қарамастан Сағат Әшімбаев ұлттың жанайқайын бүкпесіз айтты. Сағат Әшімбаевтің әріптесі және көршісі болған Гүлмария Барманбекова оның өте бай кітапханасы болғанын айтады. Ол осы заманғы және өткен ғасырдағы ғұламалардың еңбектерін сағаттап жатқа айтатын. Жадының мықтылығы сонша мен оның миын бірнеше мың гигабайттық дискіге ұқсататынмын деп еске алады. Сағат Әшімбаев 44 жас ғұмырында 5000-ға жуық кітап жинапты. Өзі тұрған үйінде қазір 1000 кітабы сақталған. Қайбір кітапты алып қарасаңыз да, алғашқы бетінде Сағат Әшімбаевтің қолтаңбасы қойылған. Яғни, бұл жазушының кітапты толық оқып бітірдім деген сөзі екен. Ал қалған кітаптары өз атындағы музейлерге, мектептерге таратып берілген.

Сағат Әшімбаевтың қазақ телевизиясының басшылығына келуі 1986 жылы, яғни желтоқсан оқиғасына тұспа-тұс келеді. Ол кезеңде де ұлт жаңашыры елге деген адалдығы мен азаматтығын сақтап қалды.

Белгілі журналист Осман Игисім де Желтоқсан оқиғасы кезінде Сағат Әшімбаевтың ұлттық арнаның қаншама қызметкерін тергеп-тексеруден сақтап қалғанын жазады.

Сағат Әшімбаев телеарнада жұмыс істейтін қызметкерлерге де қаншама рет көмек қолын созыпты. Кезінде белгілі бір себептермен жазушылар одағынан қуылып, бірде бір жерге жұмысқа орналаса алмаған белгілі ақын Өтежан Нұрғалиевті жұмысқа алу да ерлікпен пара-пар еді.

Өте кішіпейіл, қарапайым, шыншыл тұлғаның арнайы органдардың қысымына ұшыраған кездері де болған. Соған қарамастан ол ұлттың сөзін сөйлеуден тайсалған емес. Сағат Әшімбаев қысқа ғана ғұмырында қазақ теледидарын, ғылымы мен мәдениетін жаңа биікке көтеріп, ел руханиятына өлшеусіз үлес қосты.

Сөз соңын белгілі журналист Абай Балажанның Сағат Әшімбаев туралы жазбасымен қорытындылайық.

«Марқұм Сағат Әшімбаев, жаңылыспасам, 1991 жылы Тамыз төңкерісі орын алып жатқан күндері жүректен кетті. «Қазақтың ендігі тағдыры қандай болмақ?» деген уайымның тұңғиығына түсіп кетіп, қайта шыға алмай қалса керек.

«Сағат қайтыс болған соң медициналық тексеру жүргізу үшін ішкі органдарын ашып көрген хирургпен әңгімелестім. «Жүректен түк қалмаған, тура граната сияқты пәрше-пәршесі шығып жарылып кеткен» деді хирург» деп мұңайып еді, Шерағаң.

Ол сюжет Қазақ телевидениесінің алтын қорында сақтаулы жатуы да мүмкін".

Ads zone