Қазақстаннан кеткен 120 жетім баланың тағдыры депутатты алаңдатты


Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі Бас прокурор мен Премьер-Министрге сауал жолдады. Ол шет мемлекеттерге жіберілген жетім балаларға алаңдаушылық білдірді.

Дереккөз

Еске салайық, 2014 жылдың ақпан айында жетім балалар мен бала асырап алғысы келетін азаматтар үшін арнайы тексеру және бірыңғай деректер жүйесін құру ұсынылған болатын. Депутат тексеріс нәтижесі мен қабылданған шешімдердің орындалу барысы белгісіз екеніне наразылығын білдіріп, түрлі елдерге жеткізілген 120 баланың тағдырын сұрады.

"Мысалы, Оңтүстік Африка, Кения, Филиппин, Мексика, Мальта, Аргентина, Гватемала сияқты елдерге жеткізілген 120 бала бақылауға алынды ма? Осыдан 20 жыл бұрын шет елге әкетілген жетім балалар есейіп, енді бұл тақырып қайта қозғалып жатыр. Көптеген адамдар биологиялық ата-анасын тауып, олардың шығу тегі туралы білгісі келеді», - делінген өтініште.

Қыдырәлі сондай-ақ шетел азаматтары асырап алған балалар Қазақстан 2010 жылы ратификациялаған Балаларды қорғау және шетелдік бала асырап алушыларға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияға сәйкес қорғалатынын атап өтті.

Депутат соңғы жылдары шетелде бала асырап алудың күрт азайғанына тоқталып, кейбір балалардың, әсіресе, 1999 жылға дейін асырап алынған балалардың тағдыры туралы деректердің жоқтығына алаңдаушылық білдірді.

Ads zone