Қазақстандық супермарафоншы 7 жылға сотталды


Супермарафоншы, Гиннес рекордтар кітабының жеті дүркін иегері Марат Жыланбаев бүгін жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Сурет: Sputnik

Әйгілі қазақстандық супермарафоншы, оппозиция белсендісі Марат Жыланбаев қылмыстық тергеуге байланысты үстіміздегі жылдың мамыр айында қамауға алынды. Оған «тыйым салынған ұйымға қатысы бар» және «экстремистік ұйымның қызметін қаржыландырды» деген күдіктер тағылды.

Бүгін Астана соты тіркелмеген оппозициялық «Алға, Қазақстан!» партиясының жетекшісі мен марафоншыны соттады. Марат Жалынбаев жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Марат Жыланбаев шымкенттік белсенді кандидаттардың біріне қолдау ретінде 500 мың теңге аударғаны белгілі. Бұл «терроризм мен экстремизмді қаржыландыру» дегенді білдіреді. Барлық айып осы фактіге негізделген.

Марафоншы алғаш рет өткен жылдың қараша айында сайлау қарсаңында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынағаны үшін қамауға алынған еді.

Ads zone