Қазақстандық миллиардер Тимур Турлов жетінші рет әке атанды


Freedom Holding корпорациясының иесі қызының дүниеге келгенін хабарлады.

Кәсіпкер қуанышты жаңалығымен Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті. "Қазақ еліне +1 АРУ! Бүгін дені сау қызымыз дүниеге келді", - деп жазды Турлов сәбидің суретінің астына. Ол қызының салмағы 3208 грамм, бойы 55 сантиметр болып дүниеге келгенін жазды.

Тимур Турлов — АҚШ пен Қазақстанда тіркелген инвестициялық топтың негізгі иесі. Бүгінде ол Қазақстанның атын жер жаһанға мәшһүр етіп жатыр. Себебі құнды қағаздар нарығына алғашында миллионер болып енген компаниясы бір жылға жетер-жетпес уақытта капиталын миллиардтық көрсеткішке жеткізді. 

 2008 жылы "Фридом Финанс" атты инвестициялық компаниясын құрған. Компаниясының негізгі қызметі — АҚШ-тың ірі қор биржаларындағы сауда-саттыққа қол жалғау, яғни Apple, Google, IBM, Facebook және т.б. алпауыттардың акцияларына жол ашады. 

Ads zone