Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады.

Сурет ашық дереккөзден

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 200,8 миллиард теңге зейнетақы төленсе, оның 675,2 миллиард теңгесі базалық зейнетақыны төлеуге, 1 триллион 525,6 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыны төлеуге бағытталды.

2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 305 мың адамды құрайды.

«2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнетақының орташа мөлшері 120 937 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 072 теңге, базалық зейнетақы – 37 865 теңге», – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында зейнетақының орташа мөлшері 120 923 теңгені құрады.

Ads zone