Қазақстандағы байланыс операторларына үш айда 300 миллион теңге айыппұл салынды


Қыркүйек айында айыппұл көлемі ұлғайтылған еді.

2022 жылдың қыркүйегінде интернеттің әлсіздігі үшін айыппұлды ұлғайту туралы шешім қабылданғаннан бері байланыс операторларына 300 миллион теңге айыппұл салынды.

Бұл туралы Сенат отырысында Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

"Жыл басынан жаңа айыппұлдар енгізілгенге дейін қыркүйек айына дейін 700-ге жуық тексеру жүргізіліп, 180 миллион теңге айыппұл салынған. Қыркүйек айынан бастап депутаттар қолдап, айыппұл көлемін 10 есеге арттырды, егер бұрын айыппұл екінші реттік үшін 150 АЕК болса, қазір ол 1500 АЕК-ке жетті. Сәйкесінше, қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін 300-ге жуық тексеру жүргізіліп, оның негізінде 300 миллион теңгеге жуық айыппұл өндірілді",-деді министр.

Сондай-ақ ол радиофобиядан зардап шегетін қазақстандықтардың өздері де бөлек мәселе туғызатынын қосты. Оның айтуынша, базалық станция орнатылған үйдің бір жалға алушысы одан болжамды радиацияға шағымданған бойда оператор оны алып тастауға міндетті. Станцияға еш қарсылығы жоқ және жақсы интернетті қалайтын басқа тұрғындардың барлығының қарама-қарсы пікірі ескерілмейді.

"Қазір Мәжілісте операторлардың мұндай міндетін алып тастайтын заң жобасы талқыланып жатыр.Сондықтан, бұқаралық ақпарат құралдары ретінде сіздер тұрғындарға ақпаратты жеткізуге көмектесе аласыздар. Билл Гейтс осы базалық станциялардың көмегімен оларды басқармайды, бұл шын мәнінде бүгінгі күннің өмірлік қажеттілігі. Үйдегі су қаншалықты қажет болса, коммуникация да соншалықты қажет", -деп қосты Мусин.

Ads zone