Қазақстанда онлайн платформалар үшін арнайы салық режимі енгізіледі


Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мәлімдеді.

«Қазақстанда бес әлеуметтік тәуекел бойынша жұмыс істейтін сақтандыру жүйесі халықаралық стандарттарға және нақты экономикалық жағдайларға сәйкес келеді. Ол сақталады, бірақ оның мақсаты өзгеруде. Жүйе тек әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруға ғана емес, ең алдымен формальды жұмыспен қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында заңды жұмыспен қамтуды ынталандыруға бағытталатын болады», - деді Тамара Дүйсенова Мәжілістегі үкімет сағатында.

Осы мақсатта оның айтуынша, Салық кодексіне шағын бизнес қызметкерлеріне бірыңғай міндетті төлемдерге қатысты өзгерістер енгізілуде. 2023 жылы салық жүктемесін 33 пайыздан 20 пайызға дейін төмендету жоспарлануда.

«Яндекс Такси, Glovo және басқалар сияқты онлайн платформалар арқылы еңбек қызметін жүзеге асыратын тұлғалар үшін арнайы салық режимі енгізіледі. Бұл ретте салық агенттеріне жұмысқа орналасқан азаматтардың атынан тиісті төлемдерді жүзеге асыратын онлайн-платформалардың операторларын анықтау ұсынылды», - деп толықтырды министр.

Ads zone