Қазақстанда НДС 4 пайызға артуы мүмкін


Қазақстанда НДС-ты 12%-дан 16%-ға көтеру ұсынылып отыр. Бұл туралы үкімет отырысынан кейінгі брифингте экономика вице-министрі Азамат Амрин айтты.

Сурет ашық дереккөзден

Журналистер Амриннен жаңа Салық кодексінің бір бөлігі ретінде НДС көтерілуі туралы сұрады.

"Біз НДС ставкасын көтеріп жатырмыз, бұл мәселе талқыланып жатыр, себебі Салық кодексінің бір функциясы фискалдық, бюджет кірістерін толықтыру болып табылады. Егер біз оны 12-ден 16 пайызға дейін көтеру ұсынылып, талқыланып жатыр. НДС мөлшері көтерілетін болса, шамамен 2-2,4 триллион теңге бюджетке қосымша түсім болады», - деді вице-министр.

Жаңа Салық кодексін 2025 жылы енгізу жоспарлануда.

Ads zone