Қазақстанда "бала еңбегін пайдалану" фактісі тексерілмек


Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысында кішкентай балалардың шаруа қожалығында заңсыз жұмыс істеуге мәжбүр болғаны анықталған еді.

Сурет: yvision.kz

Маусым айының басында облыста «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» акциясы басталады.

Маусымның 1-і мен 12-сі аралығында балаларды мәжбүрлеп еңбекке тарту және кәмелетке толмағандардың құқықтарын сақтау фактілерін анықтау мақсатында облыс кәсіпорындарында білім және еңбек басқармаларының, полиция және басқа да мамандардың өкілдерінен тұратын комиссия рейд жүргізеді.

«Рейдтер әр түрлі нысандарда, яғни базарларда, жанармай құю бекеттерінде, құрылыс алаңдарында және басқа жерлерде өтеді. Комиссия құрамына ата-аналар қауымы, жастар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де кіреді. Бұл акция екі аптаға созылмай, жыл бойына жұмыс істейтінін айта кеткен жөн», - деді ШҚО білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева.

Өскемендегі комиссия өкілдері «Металлург» саябағындағы жасөспірімдердің жұмысына көңіл бөлуге уәде беріп отыр. Екі жыл бұрын аттракциондардың бірінде апат болған. Бұдан кейін Өскемен қаласының әкімі демалыс аймағында кешенді тексеру жүргізіп, оның барысында кейбір пәтер иелері еңбек заңнамасының нормаларын сақтамай, кәмелетке толмағандарды жұмысқа тартатыны анықталды.

Ads zone