Қазақстанда аязда қалған шетелдіктер құтқарылды


Тас жолда тоңып қалған Моңғолиядан келген саяхатшыларды Абай ауданының полицейлері құтқарып қалды.

Бақылау бекетінде кезекшілікте болған Жарма ауданының тәртіп сақшылары тас жолда Моңғолиядан келген бір отбасы мінген шағын автобусты байқады, деп хабарлады Абай облысының полиция департаменті.

Соңғы 4 тәулікте өңірді басып алған 34 градустық аяз салдарынан көлік қозғалысы шектелгендіктен, жолаушылар жолын жалғастыра алмай, кішкентай баласымен Семей қаласына транзитпен келе жатқан отбасы екен.

"Полиция қызметкерлері мұндай қатты аязда отбасының тоңып қалмауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап, шетелдіктерді жылу пунктіне дейін шығарып салды. Моңғолия азаматтары жергілікті полиция қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, олардың саяхатшыларға деген шынайы және мейірімді қарым-қатынастарын атап өтті", - деп түсіндірді тәртіп сақшылары.

Ads zone